Жылу құбыры жарылып, ыстық су төбеге қарай атқылап жатыр.
ERNUR.KZ. Алматыда жылу құбыры тағы да жарылды, деп жазады ҚазАқпарат.
Куәгерлердің айтуынша, төтенше жағдай 24 қазанда түстен кейін Райымбек даңғылы мен Байзақов көшесінің қиылысында болған. Жылу құбыры жарылып, ыстық су төбеге қарай атқылап жатыр.
Еске салайық, осыдан он күн бұрын дәл осы Райымбек даңғылында жылу құбыры жарылып,көшелерді ыстық су басқан. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар салдарынан 10 астам көлік зақымданған болатын.