Өрт-техникалық сараптамалар тағайындалды.
ERNUR.KZ. Алматыдағы «Ақкент» тұрғын үй кешеніндегі алапат өрт оқиғасы бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД бастығының міндетін атқарушы полковник Ерлан Әлібеков айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
«Өрт фактісі бойынша қалалық прокуратура ведомствоаралық тергеу жедел тобын құрды, оның құрамына анықтаушылар кірді. Екі қылмыстық іс қозғалды. Өрт-техникалық сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта жедел тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деді спикер.