Жалаңаш күйі күнге қыздырынып алуды жөн көрген бойжеткеннің фотосы әлеуметтік желіде таралды.
ERNUR.KZ. Алматыда көшенің қақ ортасында тыр жалаңаш күнге қыздырынып жатқан қыз тұрғындардың түсінбестігін тудырды, деп жазады Stan.kz.
Жалаңаш күйі күнге қыздырынып алуды жөн көрген бойжеткеннің фотосы әлеуметтік желіде таралды.
“Республика алаңында жалаңаш қыз көшенің ортасында күнге қыздырынып жатыр. Онда балалар мен жасөспірімдер ойнап жүр, олар оның жатқанын көруде. Мүмкін, суреттен өзін танып, ұялатын шығар”, – делінген жазба астында.
Алматы қалалық ПД өкілдері қыздың бөлімге жеткізілгенін айтты.
"Бойжеткен Алмалы аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды", – делінген ПД хабарламасында.
Өз кезегінде әлеуметтік желі қолданушылары оқиға жайлы қалжыңдап, пікірлерін жазуда.
“Ashyq жүйесімен бассейнге кіре алмай қалсаң осы”, “Жатса, жата берсін. Сіздерге кедергі болып жатқан жоқ қой” деп жазды олар.