ИИДМ авиациялық оқиғаларды тергеу басқармасының өкілдері Алматы түбінде ұшақтың құлаған сәтін визуализациялады.
ERNUR.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы түбінде апатқа ұшыраған ұшақтың қалай құлағанын көрсетті, деп жазады Sputnik Қазақстан.
ИИДМ авиациялық оқиғаларды тергеу басқармасының өкілдері Алматы түбінде ұшақтың құлаған сәтін визуализациялады.
Бір жарым минуттық роликте әуе кемесінің қандай биіктікке көтерілгені, жылдамдығы, қисайған сәті мен қозғалтқыш жұмысының параметрлері көрсетілген.
Мемлекетаралық авиация комитетінің бас директоры Виктор Сороченконың айтуынша, Fokker 100 ұшағы 6 метрге дейін көтеріліп, содан кейін төмен ылдилаған.
Визуализация мемлекетаралық авиация комитеті техникалық зертханасының базасында жасалды. Соронченконың айтуынша, мұндай оқиғалар авиация практикасында бұған дейін де болған.
"Бұл апаттың 2007 жылы Францияда болған әуе апатымен ұқсастығы көп. Мемлекетаралық авиация комитетінің мамандары апатқа жан-жақты талдау жүргізді. Франция органдары осы ұшақ апатына қатысты мәліметтер мен ұшу параметрлерін бізге тапсырды", - деді ол.