Алматыдағы барахолкада шыққан өрт ауыздықталды

0
821

Өрт сөндіруге 25 техника, 86 адам жұмылдырылған.


Алматыдағы барахолкада шыққан өрт ауыздықталды

ERNUR.KZ. Алматыдағы барахолкада шыққан өрт ауыздықталды, деп жазады tengrinews.kz.


"Алапат өрт 1 сағатта 1,5 мың шаршы метр аумақта оқшауланды. Жану ошағын анықтауға тепловизорлар тартылды, қойманың бетон конструкциялары құлауы мүмкін. Өртсөндірушілер қауіпсіздік шараларын сақтайды. Қабылданған жедел шаралар арқасында іргелес және көршілес контейнерлер, тауарлары, материалдық дүниелері бар қоймалар қорғалды", - деді Алматы ТЖД өкілі.

Өрт сөндіруге 25 техника, 86 адам жұмылдырылған. Бұдан бөлек, қаланың өзара іс-қимыл қызметтері ішінен коммуналды қызметтер, ПД және басқалары жұмылдырылған.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда барахолкадан өрт шыққаны хабарланған болатын.