Алматыдағы "Көктөбе" телемұнарасының мультимедиялық жарығы ертерек қосылатын болды

0
111

Бұған дейін телемұнараның сәулеттік-көркем жарықтандыруы сағат 20:00-де қосылатын.


Алматыдағы

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. "Көктөбе" телемұнарасының сәулеттік жарықтандыруы жаңа кесте бойынша жұмыс істейді, деп жазады zakon.kz.

Алдағы мереке қарсаңында 20 желтоқсаннан бастап "Көктөбе" телемұнарасының мультимедиялық жарықтандыруы күн сайын сағат 17:00-ден 01:00-ге дейін қосылады, ал 01:00-ден 05:00-ге дейін ғимараттың қасбеті негізгі жарықпен жарқырайды. Бұған дейін телемұнараның сәулеттік-көркем жарықтандыруы сағат 20:00-де қосылатын.

"Телемұнараның жарықтандыруы Seoul Tower, Tokyo SkyTree сияқты әлемдік биік нысандарға ұқсас түрде қаланың сәніне айналып, тәуліктің кез келген уақытында шаһардың символы болуына ықпал етіп жатыр", - деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Айта кетейік, биіктігі 370 метрден асатын телемұнара 185 TLOS-H прожекторы әртүрлі сәуле тарату бұрыштарымен жабдықталған. Сондай-ақ, құрылымның 10 деңгейін жарықтандыратын LED модульдері бар жарық сызықтарынан тұратын медиафасадпен қамтамасыз етілген.