Тұрғындардың айтуынша, олар жойқын дауыстан оянған. Артынан тастардың терезелерді сындырып, көліктерге түсіп жатқандағы анықталған.
ERNUR.KZ. Таңға жуық Алматыда жарылған жылу жүйесі салдарынан тұрғындар әбігерге түскен. Оқиға орнында тілші болып қайтты, деп жазады Zakon.kz.
Төтенше жағдай Төле би мен Пушкин көшелерінің қиылысында орын алды. Жарылыс салдарынан үй терезелері қирап, төрт тұрғын жапа шекті. Сол маңайда тұрған көліктерге де зиян тиген.
Тұрғындардың айтуынша, олар жойқын дауыстан оянған. Артынан тастардың терезелерді сындырып, көліктерге түсіп жатқандағы анықталған.
"Ұйықтап жатқанбыз. Бір кезде қатты дауыс естілді. Тастар атқылап, көліктер мен үйлердің терезелерін қирата бастады. Сыртқа шығып қарасақ, субұрқақ атқылап жатыр екен," - деді
куәгерлердің бірі.