Алматыдағы мейрамханалардың бірінде келуші даяшыға лас аяғын сүрткізген (видео)

0
82

Желіде тараған видеодан бойжеткеннің даяшыға лас аяғын көтеріп, дөрекі түрде сүртуге мәжбүрлеп жатқанын көруге болады.


Алматыдағы мейрамханалардың бірінде келуші даяшыға лас аяғын сүрткізген (видео)

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Алматыдағы Театралка мейрамханасында келуші даяшыға аяғын сүрткізген. Оқиға орнында түсірілген видео желіде тарап, қызу талқыға түсті, деп жазады stan.kz.

Желіде тараған видеодан бойжеткеннің даяшыға лас аяғын көтеріп, дөрекі түрде сүртуге мәжбүрлеп жатқанын көруге болады. сүртуге дөрекі түрде мәжбүрлеп жатқаны көрінеді.

"Саған ақшаңды төледім. Енді дұрыстап сүрт. Мен төрт сағат бойы жалаңаяқ жүрдім", – дейді қыз даяшыға.

Жазба авторларының айтуынша, ол бұл "қызмет" үшін 50 000 теңге төлеген. Видеоға мән беріп қарасаңыз, қыз мас күйде болған.

Ал желі қолданушылары даяшыға жаны ашып, қызды ерсі әрекеті үшін сынға алды.

“Білімді әрі тәрбиелі адам ешқашан мұндай әрекетке бармайды. Әсіресе өмірінде "даяшы" сияқты ауыр жұмыс істеп көрген адам, мұндай ерсі әрекетке жол бермейді. Өзім де жасөспірім кезде даяшы болып, кейін ересек шақта тағы үш жылдай мейрамхана саласында жұмыс істедім. Сондықтан даяшылардың жайдан-жай емес, қиын жағдайда болған соң осы жұмысқа баратынын жақсы білемін”.

“Енді бір сәтке ойлап көріңізші: сол даяшының орнында сіздің ұлыңыз немесе ініңіз болса қайтер едіңіз? Мұндайды көрген кез келген адамның жүрегі ауырады. Бұл әйел адамдық, отбасылық және қоғамдық құндылықтардан ада сияқты. Бірақ уақыт өте келе әркім істеген жамандығының қарымын алады”.

“Teatralkа мейрамханасын белгілеу керек шығар. Өйткені бұл жерде келушілерге де, даяшыға да ешқандай құрмет көрсетілмейді. Ақшаңды төлеп жатсаң да сыйлауды білмейді. Мұндай жағдайға кез болсаңыз, дереу полиция шақыру керек. Бірақ 24/7 жұмыс істейтін жерден не күтуге болады. Тіпті бұл жерге клубтан шыққандар жиналып ішімдік ішеді”.

“Мұндай адамдар шектен шыққан әрекеті үшін қашан жауап берер екен?! Бұл әйелдің артында бір "ағасы" тұрғаны анық... Әлде өзі кәсіпкер шығар… Қандай жағдай болса да, бұл әрекеті үшін бір күні жауап берері анық. Бұлар адамның ар-намысын, қадір-қасиетін қорлап тұр”.