Алматыдағы тау бөктерінде салынатын құрылысқа бақылау күшейеді

0
496

2022 жылы 36 нысан, 2023 жылы – 89 және биыл 32 нысан салуға рұқсат берілмеді.


Алматыдағы тау бөктерінде салынатын құрылысқа бақылау күшейеді

ERNUR.KZ. Алматының тау бөктеріндегі құрылысқа бақылау күшейтіледі, деп жазады sputnik.kz.

Алматы әкімі Ерболат Досаев тау бөктеріндегі құрылысты реттеу мәселесі бойынша кеңес өткізді. Әкімдіктің мәліметінше, қазіргі күні тау бөктеріне салынатын құрылысқа бақылау күшейген.
"2022 жылы маусымда мәслихат еңісі 15 градустан асатын беткейдегі құрылысқа қатысты өзгерістер бекітті", - дейді ведомстводағылар.
Нәтижесінде Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарында өзгерістер енгізіледі. Соның бірі - тау бөктерінде құрылысқа тыйым салу үшін 4 270 гектардан астам жерді рекреациялық аймақтарға ауыстыру.
"Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, 2022 жылы 36 нысан, 2023 жылы – 89 және биыл 32 нысан салуға рұқсат берілмеді", - дейді қалалық әкімдік.
Десе де, барлық құрылыс салушы жобалық шешімдерді сақтамайды. Кейбіреулер тек рұқсат құжаттамасын алу үшін инженерлік-геологиялық топырақты іздестіруді жүргізеді. Таулы жерлерде заңсыз құрылыс жүргізген 54 фактінің 46-сы сотқа берілді, оның 30-ы қаланың пайдасына шешілді, бүгінде оның 5-інде нысандар бұзылды", - дейді Алматы қаласының әкімдігі.
Кеңес қорытындысы бойынша, тау бөктеріндегі аумақтарда өз бетінше құрылыс салуға тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.