Алматыдағы тау бөктерінде салынып жатқан таунхаус сүрілетін болды

0
404

Нұрлытау шағынауданында салынып жатқан көпқабатты үй бүгін сот орындаушыларының қатысуымен сүріле бастаған.


Алматыдағы тау бөктерінде салынып жатқан таунхаус сүрілетін болды

ERNUR.KZ. Алматының тау бөктерінде салынып жатқан таунхаус сот шешімі бойынша сүріліп жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

Нұрлытау шағынауданында салынып жатқан көпқабатты үй бүгін сот орындаушыларының қатысуымен сүріле бастаған.

"Биыл наурызда Қала құрылысын бақылау басқармасы жүргізген жоспардан тыс тексеру нысанның заңсыз салынып жатқанын анықтады. Құқық бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылып, нысан иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарлмада.

Әкімдік мәліметінше, нұсқама мерзімінің өтуіне байланысты заңбұзушылықтар жойылмай, осыған байланысты материалдар заңсыз тұрғызылған нысанды бұзу үшін Бостандық аудандық сотына жолданды. Аудандық сот нысанды бұзу туралы оң шешім шығарғанымен, нысан иесі оған кері шағымданған.

"Сот отырысының қорытындысы бойынша Алматы қалалық соты Бостандық аудандық сотының шешімін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады", - делінген хабарлмада.