Ұшу уақыты 1,5 сағатқа қысқарып отыр.
ERNUR.KZ. Air Astana-ның Алматы – Лондон рейсі төртінші қазаннан бастап Ақтауға қонбастан ұшады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Алматы – Лондон рейсі 2022 жылдан бері Ақтауға техникалық кідіріс жасайтын. Енді 4 қазаннан бастап Air Astana ұшағы еш жерге аялдамай, тура ұшады. Өйткені ұшаққа қосымша бак орнатылмақ. Осылайша ұшу уақыты 1,5 сағатқа азайып, 9 сағат 35 минутты құрайды.
«Air Astana әуе компаниясы Airbus-пен серіктесіп, Airbus A321LR ұшағына қосымша отын бактарын орната отырып, өзінің алыс магистральді рейстерінің тиімділігін арттырады. Бұл алыс қашықтыққа техникалық аялдауларсыз ұшуға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.
Air Astana атап өткендей, бұл жаңғырту барлық қажетті техникалық және қауіпсіздік аспектілерін қамтиды, алысқа ұшатын жолаушыларға неғұрлым қолайлы жағдай жасалады және әуе компанияның операциялық көрсеткіштерін жақсартады.