Алматыға әлем елдерінен 500-ден астам велошабандоз келеді

0
87

Gran Fondo форматы ашық, яғни дайындық деңгейіне қарамастан оған кез-келген адам қатыса алады.


Алматыға әлем елдерінен 500-ден астам велошабандоз келеді

фото: Федерация велоспорта Казахстана

ERNUR.KZ. 24 тамызда Алматыда алғаш рет әлемдік велоспорт жарысы болады, деп хабарлады деп жазады sputnik.kz.
Бұл күні оңтүстік астанада әуесқой велоспорт саласындағы ең беделді іс-шараның бірі – Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді.
Мегаполиске түрлі елдерден 500-ден астам спортшы жиналады деп күтіліп отыр. Жарыстар алты жас санатында өтеді, ал "Абсолют" жеңімпаз Gran Fondo World Tour бойынша әлем чемпионы атанады.
Айта кетейік, Gran Fondo форматы ашық, яғни дайындық деңгейіне қарамастан оған кез-келген адам қатыса алады.
Осы спорттық шараға байланысты 24 тамызда сағат 04:30-дан 09:30-ға дейін әл-Фараби даңғылында Достық даңғылынан Дулати көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы шектеледі.
Сондықтан алматылықтар мен қала қонақтары жол қозғалысын ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеріп, сапарларын алдын ала жоспарлауы керек.