"Алматыға шеруге кеттік": Ту алып, атқа қонған бір топ азаматтың әрекетін облыс әкімдігі түсіндірді

0
2 522

Ауыл тұрғындары туды ауылдан ауылға таратып, Алматыға қарай бет алады деген хабар бар.


ERNUR.KZ. Алматы облысының әкімдігі қолдарына ту ұстап, атқа қонған азаматтар түсірілген видеожазбаны түсіндірдіі, деп жазады Stan.kz.

Бейнежазба әлеуметтік желілерде кең таралды. Алматы облысының әкімдігі шара туралы ресми ақпарат берді.

Ауыл тұрғындары туды ауылдан ауылға таратып, Алматыға қарай бет алады деген хабар бар. Белгісіз адамдардан жиналған атты әскер Нарынқол мен Кегеннен шығып, Алматыға кеткені айтылады. Ақпарат бойынша, жиналғандар шерушілердің қатарына қосылмақ.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли бұл әкімдікпен келісілген шара екенін атап өтті. Бұл "Менің туым, менің Отаным" республикалық челленджі болған.

Бұған дейін осындай шара Солтүстік Қазақстан облысында өткізіліп, Алматы облысының ауыл тұрғындары оны қолдауға бел буған. Құқық қорғау органдары оқыс оқиғаны болдырмау үшін атты әскерді бақылаған.

"Бірақ арандатушылар чатта және әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратты. Олардың сөзінше, бұл Нарынқолдан, Кегеннен Алматыға қарай бара жатқан жастар. Мұның бәрі бос әңгімелер, оқиғаның саясатқа қатысы жоқ. Мұның бәрін Еңбекшіқазақ өңірінің жастары бастады, енді қатысушылар Талғарға қарай бет алды. Құқық қорғау органдары жалған ақпарат таратқандардың сөзін ескеріп, патриоттық акцияны басқа арнаға бұрды", - деп қосты Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Али.