Алматылық автобуста қалта ұрысы видеоға түсіп қалды

0
311

​Видеода ер адам алдындағы орындықтың арқасына қолын қойып отырғаны көрінеді.


Алматылық автобуста қалта ұрысы видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Алматы автобустарының бірінде оқиға куәгері жолаушы әйелдің мойнынан алқасын шешіп алмақ болған ер адамды "білдірмей" видеоға түсіріп алған, деп жазады tengrinews.kz.

Видеода ер адам алдындағы орындықтың арқасына қолын қойып отырғаны көрінеді. Ол өз әрекетін жасыру үшін қолына күртешесін жауып қойған. Бұл ретте ол алдыңғы орында отырған әйелдің мойнынан әшекейін шешіп алмақ болады. Ер адамның "шебер" қимылдағаны сонша, жолаушы әйел ештеңеге сезіктенбейді.

Telegram-арнаға куәгердің айтуынша, ұры жалғыз болмаған. Оның қасында бір әйел болған. Олар өздерін видеоға түсіріп жатқанын байқағанда автобустан шығып кеткені айтылды.

Алматы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, бөтеннің мүлкін ұрлауға оқталу дерегі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Күдікті анықталды. Оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені өткізіледі. Күдікті міндетті түрде жауапқа тартылады", - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.