Алматылық блогер 15 күнге қамауға алынды

0
172

Полиция әлеуметтік желіде танымал болу үшін заңды бұзуға болмайтынын ескертті.


Алматылық блогер 15 күнге қамауға алынды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде танымал болғысы келген алматылықтың әрекеті әкімшілік қамаумен аяқталды, деп жазады ulysmedia.kz.

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, әлеуметтік желіде ер адамның былапыт сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған видеосы тарады. Көп ұзамай бұл жағдай полицияның назарына ілікті.

Полицейлер видеодағы ер адамның кім екенін анықтады. Ол – 36 жастағы Алматы қаласының тұрғыны болып шықты.

“Ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды”, – делінген хабарламада

Полиция әлеуметтік желіде танымал болу үшін заңды бұзуға болмайтынын ескертті.