Алматылықтар Q-net қаржы пирамидасына 75 млн теңге салған

0
639

Қазіргі таңда 5 тұлғаға қатысты тергеу аяқталып, сотқа жолданды.


Алматылықтар Q-net қаржы пирамидасына 75 млн теңге салған

ERNUR.KZ. Қаржы мониторинг агенттігінің Алматы бойынша департаменті Q-net қаржылық пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқарды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп жазады zakon.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, тергеу барысында іс бойынша 5 айыпталушы 2018 жылдың қарашасынан 2022 жылға дейін Q-net қаржы пирамидасының Алматыдағы филиалдарын басқарғаны анықталды. Оның қызметіне 45 салымшы тартылып, 75 млн теңге материалдық шығын келтірген.

Қазіргі таңда 5 тұлғаға қатысты тергеу аяқталып, сотқа жолданды. Тергеу барысында 27,7 млн теңге сомасына мүлік қамауға алынды.

"Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертеміз".Қаржылық мониторинг агенттігі