Бір топ алматылық жиналып жолды жауып тастады, оған тұрғын үй кешенінде ыстық судың өшірілгені себеп болған.
ERNUR.KZ. Алматы қаласы Алатау ауданындағы Солтүстік айналма жолдағы O-Jet тұрғын үй кешенінің тұрғындары сәрсенбі кешке жолды жауып тастады, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Жол қозғалысын бұғаттау үшін адамдар супермаркеттің жанында тұрған қоршауларды пайдаланған.
Жиналғандардың ыстық судың өшірілуіне наразылық танытқаны анықталды.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды.
Telegram каналдың хабарлауынша, араға біраз уақыт салып O-Jet тұрғындарына ыстық су берілді.
Айта кетейік, Алматыда жаз кезінде су құбырына жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты ыстық су бірнеше күнге өшіріліп тұрады.
Бұған дейін 14 маусым – 12 шілде аралығында Түрксіб ауданы Ахметов-Закарпатская-Қалмаржын-Огарева көшелерінің аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарда ыстық су болмайтыны хабарланды.