Алматылықтарға көшеде маскасыз жүруге рұқсат етілді

0
693

Ал жабық жерлерде медициналық бетпердемен жүру шарт.


Алматылықтарға көшеде маскасыз жүруге рұқсат етілді

ERNUR.KZ. Алматылықтарға көшеде медициналық бетпердесіз жүруге ресми түрде рұқсат берілді. Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин тиісті қаулы шығарды, деп жазады Nur.kz.

Бекшин Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, адам бір минутта қолын бетіне 3-5 рет тигізетінін айтты.

"Адамдарға жабық ғимараттан тыс жерде маска тағу ұсынылып отыр. Алайда мұны орындамағандар жауапкершілікке тартылмайды", - деп жазылған хабарламада.

Ал жабық жерлерде медициналық бетпердемен жүру шарт. Бұған құлақ аспағандар жауапқа тартылады.

Қай жерде маска тағу керек:

жабық ғимараттарда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медицина ұйымдары және т.б., сондай-ақ, көлікте;

вирус жұқтырмаған адам COVID-19-ға шалдығуы мүмкін адамға көмектескен кезде;

коронавирус инфекциясына ұқсас ауру белгілері пайда болған жағдайда ( дене қызуының көтерілуі, жөтел, түшкіру).

Жандарбек Бекшин 22 сәуірдегі мәлімдемесінде алматылықтарға далаға маскасыз шығуға болатынын алғаш рет айтқан болатын.

Ол осының арқасында маска тапшылығы мәселесі шешілетінін жеткізді. Бұған қоса, ашық ауада медициналық бетперденің тиімсіз болатынын айтты.