Алматының таулы аймақтарында сел жүру қаупі бар.
ERNUR.KZ. Алматының таулы аймақтарында сел жүру қаупі бар. Алматының таулы аймақтарында сел жүру қаупі жарияланды, деп жазады sputnik.kz.
"Қазгидромет"-тің дауылды ескертуіне сәйкес, жауын-шашын салдарынан Алматы қаласының Кіші және Үлкен өзендерінің бассейнінде сел жүру қаупі бар.
"Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары және қонақтары, естеріңізге саламыз! Сел қаупіне байланысты Іле Алатауы тауларына бармауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.
"Қазсел" қорғаныс бөлімшелері сел қаупі бар аймақтарда бақылаудың күшейтілген жиілігіне көшірілді, әуеден және жерден түсіру жұмыстары жүргізілуде, инженерлік-техникалық қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.