Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында 83 жастағы Амантай қажы Асылбекке қатысты қылмыстық іс қаралды.
Фото: UGC
ERNUR.KZ. Ол ғимараттың кіреберісінде әйелді баспалдақтан итеріп жіберген деп айыпталды, деп жазады inbusiness.kz.
Бастапқыда оған ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша ("денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру") айып тағылған. Кейін іс ҚК-нің 114-бабының 3-бөлігіне ("абайсызда ауыр зиян келтіру") қайта сараланған.
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі тараптардың татуласуына және жәбірленушіге материалдық әрі моральдық шығынның өтелуіне байланысты іс жүргізу тоқтатылғанын хабарлады.