Америкадан жеткен сый: “Шеврон” компаниясы балаларды қуанышқа бөледі

0
1 166

Алматыдағы №10 мектеп-интернатының балақайларына Лиса тоқып берген бас киімдер табысталды.


Америкадан жеткен сый: “Шеврон” компаниясы балаларды қуанышқа бөледі

ERNUR.KZ. Америкада тұратын Лиса Леонг жердің шалғайлығына қарамай қазақ балаларына арнап 42 бас киім тоқып жіберіпті, деп жазады dalanews.

Лисаның сый-сияпатын Қазақстандағы “Шеврон” компаниясының өкілдері Алматыдағы №10 мектеп-интернатының балақайларына табыстады. Тұрмысы төмен жанұялардың балалары білім алатын оқу орнына арнайы барған компания өкілдері оларға бас киімнен бөлек, ойыншақтар да сыйға тартты.

Лисаның тоқыма өнерімен айналысуына Қазақстандағы «Шеврон» компаниясының өкілдері себепкер болыпты.

Жұмыстан тыс уақытта бас қосып, тоқу ісімен айналысатын еріктілер ұйымын құруға «Шеврон» компаниясының БАҚ-пен байланыс координаторы Айнұр Сыдықова ұйытқы болған екен.

Компания қатарындағы көптеген қызметкерлерге тоқу ісінің қыр-сырын үйретіп, осы уақытқа дейін олардың қолымен тігілген көптеген дүниелерді жаңа туған сәбилерге, балалар үйлеріне табыстайтын өзіндік дәстүр қалыптастырдық. Компаниядағы тоқу ісімен айналысатын еріктілер қозғалысының қатары күн сайын толығып келе жатыр. Соның бір дәлелі – Америкада тұратын әріптесіміз Лиса Леонг. Біздің бастамамызға қуана-қуана қосылған ол екі айдың балаларға арналған бас киімдер тоқып, Қазақстанға беріп жіберді. Соның нәтижесін көріп отырсыздар.

Алматыдағы №10 мектеп-интернатының балақайларына Лиса тоқып берген бас киімдерді табыстадық», – дейді ол. Ал балақайлар сонау Америкадан сый беріп жіберген Лиса апайларына алғысын айтып, періште тілектерін жаудырды.

«Тоқу ісі мұнымен тоқтап қалмайды. Тоқыма тобыма қосылып жатқан компания қызметкерлерінің саны көбейіп келеді. «Біз ұстауды білмейміз, тоқу ісін үйренгіміз келеді» деген компаниядағы жас қызметкерлерді талабын шыңдай түсетін боламыз», – дейді бұл ретте Айнұр Сыдықова.

Айта кетсек, бүгінгі таңда тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың балаларына арналған Алматыдағы №10 мектеп-интернатында 254 оқушы білім алуда.

Балалар бес күні бойы интернатта жатып оқиды. Бес уақыт тамағы бар, төсек-орны таза. Тек сенбі, жексенбі күндері ата-анасы алып кетеді. Мұнда балаларға білім беруден бөлек, тәрбие мәселесіне де көп көңіл бөлеміз.

Балалар мұнда бірінші сыныптан бастап тоғызыншы сыныпқа дейін оқиды. Ал «Шеврон» компаниясына айтар алғысымыз шексіз. Балалардың алғысын алған сауапты іс қой. Мұндай шаралар жалғасты болсын деп тілеймін, – деді бізге №10 мектеп-интернатының әлеуметтік педагогі Оразбике Рыспаева.