Ан-2 ұшағының апаты: авиациялық әкімшілік мәлімдеме жасады

0
664

Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ.


Ан-2 ұшағының апаты: авиациялық әкімшілік мәлімдеме жасады
ERNUR.KZ. 21 шілдеде Державинскіден 10 шақырым қашықтықта Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі шағын авиация ұшулары қауіпсіздігі бойынша шараларды күшейтеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің тапсырмасы бойынша авиациялық оқиғалардың қайталануының алдын алуға, оның ішінде компаниялардың қызметін тоқтата тұру, әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификаттарының қолданылуын тоқтата тұру, заңнама талаптарын бұзған тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту жолымен бағытталған шараларды күшейтеді», - деп хабарлады Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2024 жылдың 21 шілдесінде Державинскіден 10 шақырым қашықтықта Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады. Ақмола облысы ТЖД мәліметтері бойынша, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, ұшқыш жанып жатқан техникадан өз бетінше эвакуацияланды.