Анасы мен өгей әкесі 7 жасар қызды ұрып тастаған

0
536

СҚО Полиция департаменті 7 жасар қызын ұрып тастаған анасы мен өгей әкесіне қатысты іс қозғады.


Анасы мен өгей әкесі 7 жасар қызды ұрып тастаған

ERNUR.KZ. 23 қараша күні сағат 17.00 шамасында Петропавл қаласы полиция басқармасының бірінші полиция бөліміне облыс орталығындағы орта мектептердің бірінің медицина қызметкері 7 жасар 2-сынып оқушысын ұрып-соғу фактісін анықтағаны туралы хабарлама берген, деп жазады zakon.kz.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бойынша Петропавл қаласы полиция басқармасында Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Қыз бала болса, облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Кейіннен кәмелетке толмаған балаға 26 жастағы анасы мен 33 жастағы өгей әкесі зақым келтіргені анықталды. Олар өз кінәсын мойындап отыр. Мұндай жағдайға олар баланың тіл алмауы себеп болды деп түсіндірді.

"Істің барлық мән-жайын зерделеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Нәтижесінде түпкілікті процестік шешім қабылданады", - делінген СҚО Полиция департаменті хабарламасында.