Алқалы жиын Әмре, Жігіттер тобы, Қазақ ұлттық өнер Университеті Астана фольклорлық музыка тобы, Отау би тобы және ТҮРКСОЙ өнерпаздарының концерттік бағдарламасы және ресми қабылдаумен жалғасын тапты.
ERNUR.KZ.22 наурыз күні Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігі Наурыз мерекесін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
Іс-шараға Қазақстанның Түркиядағы Елшісі А. Сапарбекұлы, Түркия Республикасы Президентінің Бас кеңесшілері Я. Топчу және И.Шенер, Түріксой Бас хатшысының орынбасары Ф. Пурташ, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің экс-спикері Хикмет Четин, ТҰҰМ депутаты, бұрынғы Премьер-Министр орынбасары Йылдырым Тұғрыл Түркеш және Түркияның мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, Анкарадағы дипломатиялық корпус басшылары, Ыстамбұл, Маниса, Ниғде, Сакариядан келген қазақ диаспорасы өкілдері, Түркияда білім алып жатқан қазақ жастары және БАҚ өкілдері қатысты. Мерекелік шарада жиналған қауымға қазақтың салт дәстүрлері көрсетілді. Атап айтқанда, Қыдыр атаның бата беруі, беташар және тұсаукесер дәстүрлерінің сахналық көрсетілімі шетел қонақтарын тәнті етті.
Алқалы жиын Әмре, Жігіттер тобы, Қазақ ұлттық өнер Университеті Астана фольклорлық музыка тобы, Отау би тобы және ТҮРКСОЙ өнерпаздарының концерттік бағдарламасы және ресми қабылдаумен жалғасын тапты.
Наурыз мерекесіне орай Елшілік бақшасында киіз үй тігіліп, қазақтың ұлттық тағамдары мен киімдері қонақтарға таныстырылды.