Іздеуде жүрген адамды ұстауға ықпал ететін ақпарат бергені үшін, сыйақы және анонимділік тұрғысынан кепілдік беріледі.
ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті Бақыт Есенжолұлына іздеу жариялады, деп жазады inform.kz.
Агенттік ҚР ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағында көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасының азаматын іздестіріп жатқанын хабарлады.
«Бақыт Әділ Есенжолұлы, 25.07.2000 ж.т., Қарағанды облысының тумасы (Сәтбаев қ. ПБ бұрынғы жедел уәкілі). Бұлтартпау шарасы – «Қамауда ұстау». Іздеу салынған адам анықталған жағдайда немесе оның болуы ықтимал орны туралы қандай да бір ақпарат алынған кезде, іздестіру бастамашысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментіне (мекенжайы Жезқазған қ., Құрманбаев көшесі) хабарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада.
Іздеуде жүрген адамды ұстауға ықпал ететін ақпарат бергені үшін, сыйақы және анонимділік тұрғысынан кепілдік беріледі.