Анықтама жасау үшін пара алған шендіге айыппұл салынды

0
741

Сот шешімімен оған 2,5 млн теңге айыппұл салынды.


Анықтама жасау үшін пара алған шендіге айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысының шенеунігі танысының әкесіне ІІ-топтағы мүгедектік мерзімін ұзарту үшін пара алу фактісі бойынша сотталды, деп жазады zakon.kz.

"12 сәуірде Тараздағы No2 соттың үкімімен Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зейнебеков кінәлі деп танылып, оған 2,5 млн теңге айыппұл салынды", - деді Биғайдаров.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Жамбыл облысы No5 қалалық емхананың емдеу бөлімінің бас дәрігерінің орынбасары Аймұрзаевқа 1 миллион теңге, ал сыбайлас Шахмановқа 1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

"Зейнебеков 22 қаңтарда Аймұрзаевтың делдалы арқылы ІІ-топтағы мүгедектік мерзімін ұзартуға көмектескені үшін Шахмановтан 100 мың теңге пара алды", - деп түсіндірді тергеуші.