Апта басынан бастап доллар бағамы құлдырап жатыр

0
2 525

18 ақпан күні таңертең қор биржасында бір доллардың бағамы теңгеге шаққанда 415,92 теңге (-0,86) деңгейінде белгіленді.


Апта басынан бастап доллар бағамы құлдырап жатыр

ERNUR.KZ. 18 ақпан күні таңертең доллардың бағамы тағы 1 теңгеге дерлік төмендеді, деп жазады zakon.kz.

18 ақпан күні таңертең Қазақстан қор биржасында бір доллардың бағамы теңгеге шаққанда 415,92 теңге (-0,86) деңгейінде белгіленді. 17 ақпандағы күндізгі сауданың нәтижесі бойынша, 1 АҚШ доллары 416,78 теңге болған еді.

Рубль бағамы - 5,65 теңге, евро - 505,43 теңге.

Ақша айырбастау орындарында 1 АҚШ доллары 415-416 теңгеден сатып алынып, 416-417 теңгеден сатылып жатыр.

18 ақпан күні таңертең Бренд мұнайының бір баррелінің құны 2020 жылдың 21 қаңтарынан бастап алғаш рет 65 доллардан асқаны белгілі болды.