Аптап ыстық, найзағай, бұршақ: 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

0
577


Аптап ыстық, найзағай, бұршақ: 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

ERNUR.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 10 маусымда еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп жазады Zakon.kz.




Алматыда күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. Жезқазған қ.: 10 маусымда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, найзағай, күңдіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Қарағанды қ.: 10 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күңдіз 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 10 маусымда түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, найзағай кезінде 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша қатты ыстық 36 градус күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 10 маусымда күндіз қатты ыстық 36 градус күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 10 маусымда түнде қатты жаңбыр. Найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстік жартысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 10 маусымда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.