Қарағанды облысында бұрынғы полицей адам өлтірді деп айыпталып отыр

0
1 290

Полицияның мәліметінше, осы жылдың 30 сәуірінде Бұқар жырау ауданы Ростовка ауылының маңындағы жасанды су қоймасының жағасынан ер адамның мәйіті табылды. 38 жастағы ер адамның денесінде зорлықпен өлтіру белгілері бар.


Қарағанды облысында бұрынғы полицей адам өлтірді деп айыпталып отыр

Ер адамның денесі үш тәулік бұрын жасанды су қоймасының жағасынан табылған еді деп хабарлайды ERNUR.KZ sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол полициясының бұрынғы сержанты адам өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Полицияның мәліметінше, осы жылдың 30 сәуірінде Бұқар жырау ауданы Ростовка ауылының маңындағы жасанды су қоймасының жағасынан ер адамның мәйіті табылды. 38 жастағы ер адамның денесінде зорлықпен өлтіру белгілері бар.

"Жедел іздестіру шаралары барысында Теміртау қаласының 22 жастағы тұрғыны ұсталды", — делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, жас жігіт бұған дейін Теміртау ІІБ жол-патрульдік полициясында сержант шенінде жұмыс істеген.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, ҚР ҚК 99-бабы 1-тармағы бойынша (адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.