Армияда тағы бір сарбаз көз жұмды

0
381

Сарбаз Түркістан облысының тумасы болған.


Армияда тағы бір сарбаз көз жұмды

ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. ҰҚК баспасөз қызметі оның суицид жасағаны туралы ақпарат таратты, деп жазады ulysmedia.kz.

Биыл 7 қарашада Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза тапқан.

– Алдын ала мәлімет бойынша өлім себебі – суицид, – деп хабарлайды комитет.

Полиция органдары қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

БАҚ-тың жазуынша, ҰҚК шекара қызметінде әскери борышын өтеген (Зайсанда) сарбаз “өз-өзіне АК-74 қаруымен оқ атқан”. Түркістан облысының тумасы болған.

Кейінгі жылдары «армияда көз жұмды» деген бір сарбаздың топырағы суымай жатып, екіншісі жан тапсырып жатыр. Біраз уақыт бұрын «Оймаша» полигонында оққа ұшқан әкенің «жалғыз ұлымнан айырылдым» деп шырылдаған үні бүкіл қоғамды тағы дүр сілкіндіріп, осы үрейді үдете түскен. Одан кейін Қорғаныс министрлігіне қарасты Абай облысы Аягөз ауданында орналасқан 10810 әскери бөлімінде жоғары оқу орнын бітіріп, әскери кафедрадан кейін барған әскери қызметкер көз жұмды.