Artsport бағдарламасы жалғаса береді – министрлік

0
665

Ведомствоның мәліметінше, қазір уәкілетті орган бағдарламаның жұмыс істеу қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.


Artsport бағдарламасы жалғаса береді – министрлік

ERNUR.KZ. Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті Artsport бағдарламасының жабылатыны туралы хабарламалар шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп жазады Sputnik.kz.

"Ақпараттық кеңістікте Artsport бағдарламасының жабылатыны туралы тарап жатқан хабарламалар шындыққа жанаспайды. Жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі арқылы балаларды спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелермен қамту жұмысы жалғаса береді", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, қазір уәкілетті орган бағдарламаның жұмыс істеу қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, балаларды барынша кең қамтуға бағытталған, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ алаяқтық схемалардың жолын кесуге және алдын алуға бағытталған талаптар енгізілуде.

Сонымен қатар бірқатар өңір әкімдігі бағдарлама аясында қызмет ұсынған кәсіпкерлер алдындағы берешекті өтеу үшін қажетті қаражат іздестіріп жатыр.
Бұған дейін Алматыда ата-аналар үйірмелер мен спорт секцияларына тегін қатысуға мүмкіндік беретін Artsport бағдарламасының жабылғанына наразылық білдіріп, қала әкімдігіне барғаны хабарланған болатын. Қала тұрғындары әкімдіктен Artsport жобасын созуды сұрады.
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, балаларға арналған жоба қаржылық қиындықтарға байланысты тоқтатылған.