Әсел Айтпаеваның өлімі: күдікті түрмеде өлі күйінде табылды

0
677

26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаеваны зорлады деп айыпталған Бесик Тордуа түрмедегі камерасында өлі табылды.


Әсел Айтпаеваның өлімі: күдікті түрмеде өлі күйінде табылды

ERNUR.KZ. 26 жастағы Қазақстан азаматы Әсел Айтпаеваны зорлады деп айыпталған Бесик Тордуа түрмеде өлі табылды, деп жазады sputnik.kz.

Әсел Айтпаеваның қазасы

26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаева Грузиядағы үйінің терезесінің астынан өлі табылды. Бойжеткен ол жаққа көлік сатумен айналысатын автосалонға жұмысқа кеткен. Қайтыс боларының алдында қыз өзін мазақ етіп, қорқытқанын айғақтайтын аудио жіберген.

Әсел Грузияға өзінің алыс туысы – немере әпкесінің күйеуі Мұрат Мейірбековтың шақыруымен жұмыс істеуге барған. Ол қыздың өліміне қатысы болды деген күдікпен ұсталды. Сонымен қатар осы күдікпен Грузияда 57 жастағы Бесик Тордуа да қамауға алынды. Бойжеткен туыстарының үйінен кетіп, ер адамның үйіне тоқтаған. Оған қазір "өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша да айып тағылды. Алайда марқұмның отбасы істі "кісі өлтіру" бабы бойынша қарау керек деп отыр.

Қазақстан Грузияға тергеу тобын жіберді. Кей мәлімет бойынша, Әсел адам саудасының құрбаны болған.

Тергеу барысын Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова өз бақылауына алды.