Ashyq қосымшасында тағы да ақау пайда болды

0
449

Кейбір қолданушы әлі де қосымшаға кіре алмай отыр.


Ashyq қосымшасында тағы да ақау пайда болды

ERNUR.KZ. Ashyq қосымшасынан тағы да ақаулар шықты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Құрметті Ashyq қызметін қолданушылар! Қазір қосымшада техникалық ақаулар бар. Уақытша қолайсыздықтар тудырғанымыз үшін кешірім сұраймыз", - делінген 27 мамырда сағат 13.10-да жарияланған хабарламада.

Сағат 13.25-те арнада қызмет қалпына келгені туралы хабарлама жарияланды. Алайда кейбір қолданушы әлі де қосымшаға кіре алмай отыр.



Еске салайық, Ashyq бағдарламасындағы ақауларға бірнеше рет шағым айтылған. Солардың бірі 20 мамырда болды.