ERNUR.KZ. Ведомствоаралық комиссия "Ашық" жобасына қатысты жаңа алгоритм бекітті, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Енді мониторингтік топтар өз жұмыстарын "инфоқазақстан" порталына тіркеуі керек, және бақылау жүргізу кезінде КюАр коды бар мониторингтік есеп болуы қажет. Яғни, кез-келген адам телефон камерасымен осы кодты сканерлеу арқылы тексерістің шынайылығын, кімді және не үшін бақылауға алғандығын біле алады. "Ашық" жобасына бір тәулікте екі мыңға жуық кәсіпкер тіркелген. Қосымшамен белсенді жұмыс істейтіндер ғана қаулыда бекітілген уақыттан екі сағатқа артық, және әдеттегіден он пайызға көп адам қабылдай алады.
Ашық қосымшасымен мүлдем жұмыс істемеген сексенге жуық кәсіпорын бар. Олардың кр коды өшіріліп, екі аптаға ашық жобасынан шығарылады. Сондай-ақ олар бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген ережелер бойынша жұмыс істей алмайды, - дейді Нұр-Сұлтан қаласы Атамекен кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қуанышбек Мұқаш.


