Әскерде соққыға жығылған ақтаулық сарбаздың анасы ұлының жағдайы туралы айтты

0
82

18 жастағы Еркебұлан Досымбеттің ата-анасы қазір оның жанында, ауруханада.


Әскерде соққыға жығылған ақтаулық сарбаздың анасы ұлының жағдайы туралы айтты

Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

ERNUR.KZ. Ақтөбеде әскери борышын өтеп жүріп, соққыға жығылған ақтаулық сарбаздың жағдайы белгілі болды. 18 жастағы Еркебұлан Досымбеттің ата-анасы қазір оның жанында, ауруханада, деп жазады inform.kz.

-Көзі шүңірейіп, сақал-мұрты өсіп кеткен, қатты жүдепті. Киімі өте лас, қоқыстан тауып алғандай көрінеді. Ауыстыратын киім де әкелмеген. Физикалық та, эмоционалдық та жағдайы өте ауыр. Жалпы, қараусыз қалған адам сияқты көрінді, - дейді сарбаздың анасы Гүлдана Кетібаева.
Оның айтуынша, кейін сарбазға әскери бөлімнен ауыстыратын киім әкелінген.

Гүлдана Кетібаева ұлының денсаулығына алаңдап отыр. Себебі, сарбаз өздігінен зәр шығара алмай, катетер қойылған.

-Ұлымның шап тұсына соққы жасалған. Содан кейін жағдайы нашарлап, дәретханаға қалыпты бара алмай қалған. Екі тәулік бойы зәр шығара алмай, оны Ақтөбе облыстық ауруханасына жеткізген, - дейді анасы.

Осы оқиғаға қатысты әскери прокуратура Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 451-бабы 1-бөлігі бойынша - билікті немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Айта кетейік, аталған бап бойынша 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазіргі уақытта сарбаздың анасы ұлының жанында.

Бұған дейін, Ақтаулық сарбаздан әскери бөлімдегі ұрып-соғуға қатысты шағым түскен болатын.