Әскери қызметкерлердің өлімі: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

0
870

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мерзімді әскери қызметкерлерге қатысты ақпараттарға түсініктеме берді.


Әскери қызметкерлердің өлімі: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметкерлерге қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Stan.kz



Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мерзімді әскери қызметкерлерге қатысты ақпараттарға түсініктеме берді.

"Қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтаров пен қатардағы жауынгер Алмас Шахимовтың өліміне қатысты фактілер Ұлттық гвардияда болған және оның қарулы күштерге қатысы жоқ. 2024 жылдың 13 мамырында Сарыөзек ауылындағы мерзімді әскери қызметкер, қатардағы жауынгер Досымжан Сәлімжанның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Сонымен қатар министрлік қаза тапқан әскери қызметкердің ата-анасына жан-жақты қолдау көрсетіліп, қажетті өтемақы төлеу түрінде көмек көрсетіліп жатқанын қосты.

"Әскери қылмыстарды тергеп-тексеру барысы бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің тиісті бөлімшелерінің бақылауында. Қарулы Күштердің басшылығы мен әскери бөлімдердің қолбасшылығы іс-шарада ашықтық пен объективтілік қағидаттарын ұстанады", – деп толықтырды министрлік.