Әскери сот Ұлттық ұланда әріптесін өлтірді деп айыпталған әскери қызметкерге үкім шығарды

0
420


Әскери сот Ұлттық ұланда әріптесін өлтірді деп айыпталған әскери қызметкерге үкім шығарды

ERNUR.KZ. Ақмола гарнизонының әскери соты абайсызда өлтірді деп айыпталған Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы бөлімшесінің әскери қызметшісіне үкім шығарды, деп жазады ulysmedia.kz.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы басқа әскери қызметшілермен бірге ҰҚК қызметкерлеріне жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу орнына көмек көрсету үшін механик-жүргізуші сержант жүргізген қызметтік автокөлікпен келген.

- ҰҚК өкілдерін күткен кезде, жүргізушінің артындағы қызметтік көліктің жолаушылар орындығында отырып, ол абайсызда қылмыстық немқұрайлылықпен әрекет етіп, қаруды қолдану ережелерін елемей, адамға кездейсоқ екі рет қарумен оқ атқан", - делінген хабарламада.

Сержант ауыр дене жарақатын алып көз жұмған.

Сот әскери қызметшіні абайсызда қарумен жұмыс істеу ережелерін бұзу салдарынан адамның өліміне апарып соқты деген іс бойынша кінәлі деп тауып, екі жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ жәбірленуші өкілдерінің пайдасына 6 млн теңге көлемінде моральдық зиян өтемақы өндірілді.

Бұған дейін ҚР Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Ұлттық ұланның жанар-жағармай ұрлады деп айыпталған бес әскери қызметшісіне қатысты қылмыстық іс апелляциялық тәртіппен қайта қараған болатын.