Әскерилер қазынаның 400 миллион теңгесін жымқырған

0
928

7 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды


Әскерилер қазынаның 400 миллион теңгесін жымқырған

ERNUR.KZ. Гвардейск гарнизонының әскери қызметкерлері мен әскери бөлімшесінің басшылығы қазынадан 400 млн теңге жымқырған, деп жазады 24.kz.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл жөніндегі ұлттық бюросы Жамбыл облысы бойынша департаментінің мамандары мәлім етті.

Гвардейск гарнизонынан барлығы 7 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Тергеу барысында олар 2009-2017 жылдар аралығында алдын ала сөз байласып, өздеріне сенім білдірген әскери қызметшілерді сыйақы алушылар тізіміне енгізіп, ақшалай қаражатын жүйелі түрде ұрлап келген. Сөйтіп мемлекетке аса ірі мөлшерде мүліктік зиян келтірген.

Арман Раxимов, СЖҚҰБ департамент басшысының орынбасары: - Тергеу әрекеттерінің нәтижесінде сол 7 кінәлі тұлғаның кінәсы толығымен дәлелденді. Нәтижесінде қылмыстық іс сотқа жолданып, сот үкіміне сай 4 сотталушы бас бостандығынан айырылса, 7 жылдан 9 жылға дейін 3 сотталушының бас бостандығына шектеу белгіленген болатын.