Әскерилерге қару қолдануға рұқсат беретін заң жобасы мақұлданды

0
481

Депутаттар қаруды пайдалану жауапкершілігін күшейту қажет деп есептейді.


Әскерилерге қару қолдануға рұқсат беретін заң жобасы мақұлданды

ERNUR.KZ. Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиевтың сөзінше, адамөмірі мен денсаулығына зиян келген жағдайда, әскерилерге шабуыл жасау кезінде, олардың күзетіп отырған объектілерін басып алу және қаруын тартып алу қауіпі туындаған жағдайда атуға құқы бар. Сондай-ақ, заң жобасында қаруды қай кезде пайдалануға болмайтыны да көрсетілген, деп жазады inbusiness.kz.

"Мысалы әйел адамға, жасөспірімге және мүгедектігі бар азаматтарға қару қолдануға мүлде тыйым салынған", дейді ҚР Бас Прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев.

Ал депутаттар қаруды пайдалану жауапкершілігін күшейту қажет депесептейді. Әйтпесе негізсіз қолдану немесе билігін асыра пайдалану қауіпі барын айтты. Кемшін тұсын келесі мәжіліс отырысына дейін қайта қарауға келісті.

"Қару қолдану деген бұл ойыншық емес. Мұның жауапкершілігі болуы керек. Оның үстінен прокуратура өкілінен нақты жауап ала алмадым. Үш органның ортақ қару қолдану алгоритімі болуы керек. Әскериполицияға қару қолдануды кеңейткілері кеп отыр өкілетті орган. Бірақ оның логикалық шешімі болуы керек. Әйтпесе қолыңа қару беріп, қалай болса, солай қолдана беріңдер деген болмайды", дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Дүйсембинов.

із әскерилерді де қорғауымыз керек қой. Біз халықты да қорғауымыз керек. Деструктивті, террористік топ қару атып жатқан кезде, біздің әскер қару атпаса онда жағдай қиын болады. Сондықтан бұл жерде екшеленеді. Қай уақытта, қалай, кімге қолдану керек мәселесі нақты жазылады", деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин.