Асхат Аймағамбетов Абай өлеңдерін оқу эстафетасын жалғастырды

0
1 800

Ол ақынның «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» өлеңін оқыды.


Асхат Аймағамбетов Абай өлеңдерін оқу эстафетасын жалғастырды
Мемлекет басшысының Абай өлеңдерін оқу эстафетасын Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған эстафетаны қолдады. Эстафетаның мақсаты – ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу. Өз кезегінде Білім және ғылым министрі эстафетаны білім саласының қызметкерлеріне, ұстаздарға, жоғары оқу орындарының ректорларына, сондай-ақ мектеп оқушылары мен студенттерге жолдады.

«Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан зор құрметпен қабылдап, кезекті эстафетаны еліміздің білім және ғылым саласының қызметкерлеріне, ұстаздарға, жоғары оқу орындарының ректорларына және студенттер мен оқушыларға жолдаймын», – деді ҚР БҒМ өзінің facebook-тегі парақшасында.