​Астана 2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионатын қабылдайды

0
230

Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша АҚШ ең аз дауыс жинап, екінші кезеңге Қазақстан мен Франция өтті.


​Астана 2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионатын қабылдайды

фото: ҚР Туризм жəне спорт министрлігі

ERNUR.KZ. Бүгін Катарда Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) Бас ассамблеясында 2027, 2028 және 2029 жылдардағы әлем чемпионаттарын өткізетін елдер анықталды.

Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша АҚШ ең аз дауыс жинап, екінші кезеңге Қазақстан мен Франция өтті.

Қорытынды дауыс беру нәтижесі төмендегідей:

  • Қазақстан — 54,68%;
  • Франция — 45,32%.

Айта кетейік, еліміз алғаш рет үстел теннисінен әлемдік басты турнирді қабылдайды.

Алдағы әлем чемпионаттарын өткізетін елдер:

  • 2027 — Қазақстан (Астана);
  • 2028 — Жапония (Фукуока);
  • 2029 — Бразилия (Рио-де-Жанейро).