Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

0
281


Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Корея Республикасының Муджу қаласында пара таеквондодан Әлем чемпионатында қазақстандық Малик Мұқашев жеңімпаз атанды, деп жазады Zakon.kz.


ҚР ТСМ "Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы" РМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, жерлесіміз К41 классында 80 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, жеңімпаз атанды.

Екінші орынды Саид Сабах Хамид әл-Фаххам (Ирак), ал үшінші орынды Яшар Сами Гокбаба (Түркия) алды.

Бұдан бөлек, аталмыш додада К41 классында Қайырғали Юсупбеков 63 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдені еншіледі.

Айта кетейік, тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында пара таеквондодан Әлем чемпионаты 20-22 қараша аралығында өтті. Жарысқа әлемнің 60 елінен 240-тан астам спортшы қатысты.