​Астана әкімдігі кәріз құдықтарын түгел санап шығатын болды

0
1 339

Кәріз құдықтарының ашық қалмауы үшін және апаттың алдын алу үшін әкімдік келесі жұмыстарды атқаруда: құдықтарды толық түгендеу жүргізіледі, жобаланатын жобаларда полимерлік материалдан жасалған люктерді орнату қарастырылады.


​Астана әкімдігі кәріз құдықтарын түгел санап шығатын болды

ERNUR.KZ. Жобаланатын жобаларда міндетті түрде полимерлік материалдан жасалған люктер орнатылатын болады, деп жазады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ашық люктер мәселесі қала әкімдігінің тұрақты бақылауында: пайдаланушы ұйымдар өтінімдерге байланысты күн сайын ашық құдықтарды анықтау және жою бойынша жұмыстар жүргізуде.

Бүгінгі күні барлық өтінімдер тиесілі баланс ұстаушылармен пысықталды.

Кәріз құдықтарының ашық қалмауы үшін және апаттың алдын алу үшін әкімдік келесі жұмыстарды атқаруда: құдықтарды толық түгендеу жүргізіледі, жобаланатын жобаларда полимерлік материалдан жасалған люктерді орнату қарастырылады.

Сонымен қатар, қолданыстағы құдықтарға темір тор орнатылуда, ол егер құдық қақпағын ұрлап кетсе де адамның, жан-жануардың, тағы да басқа материалдың құдық ішіне түсіп кетуін сақтайды. Қазіргі күні темір тор 11 мыңнан астам құдыққа орнатылған.

Және де баланста құдықтары бар мекемелер құдықтарды жабу бойынша жұмыстар жүргізуде.

28 наурыздағы жағдай бойынша барлық аудандарда 11 538 дәнекерленген торлар орнатылған, соның ішінде «Астана-АЭК» АҚ - 246, «Астана-Теплотранзит» АҚ - 8 121, «Астана су арнасы» - 807 дана қорғағыш торлар орнатқан.

Сонымен қатар, қалалық полиция департаменті құдық қақпақтарын ұрлаудың алдын алу бойынша үнемі жедел-рейдтік іс-шаралар, ескерту және жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізеді.

Полицейлер мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдерімен бірлесіп металл сынықтарын қабылдайтын орындарда тексеру бойынша ауқымды іс-шаралар жүргізеді. Тұрғындармен есептік кездесу барысында қала әкімі Бақыт Сұлтанов құдық қақпақтарын ұрлау «астананың ауруы» деген болатын. Оның сөзінше, өткен жылдың күзінен бастап коммуналдық сала қызметкерлері мыңдаған ашық құдықтарды анықтаған.

Адамдардың қауіпсіздігі және қайғылы жағдайды болдырмау үшін қала әкімі құдықтарды үнемі тексеріп, оларға темір торлар орнатуды тапсырған болатын.