Астана мен Алматыдан Анкараға әуе рейстер саны артады

0
78

Қазақстан халықаралық авиақатынасты кеңейтуді жалғастыруда.


Астана мен Алматыдан Анкараға әуе рейстер саны артады

Фото: Pixabay.com
ERNUR.KZ.
Жаңа әуе рейстері Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыстарды нығайтуға және жолаушылар үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге қосымша үлес қосады, деп жазады baq.kz.

Қазақстан халықаралық авиақатынасты кеңейтуді жалғастыруда. Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап AJET әуе компаниясы «Астана – Анкара» және «Алматы – Анкара» бағыттары бойынша рейстер санын арттырады.

Егер қазір ұшулар аптасына екі рет орындалса, жақын арада жолаушылар бұл бағыттар бойынша аптасына жеті рет ұша алатын болады. Осылайша, Қазақстан мен Түркия астанасы арасындағы рейстер күнделікті дерлік болады.

Ұшу жиілігінің артуы екі ел арасындағы сапарларды ыңғайлы ете түседі және туризмді, іскерлік байланыстарды, сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады.

Көлік министрлігі халықаралық авиамаршруттардың географиясын кеңейту және сұранысқа ие бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жұмыстары тұрақты негізде жалғасып жатқанын атап өтті.

Жаңа әуе рейстері Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыстарды нығайтуға және жолаушылар үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге қосымша үлес қосады.