Астана – Петропавл жолында автокөлік өртенді: Қаза тапқандар бар

0
98

​Полиция қаза тапқандардың жеке басын анықтап, көліктің өртену себептерін тексеріп жатыр.


Астана – Петропавл жолында автокөлік өртенді: Қаза тапқандар бар

ERNUR.KZ. Ақмола облысы Бұланды ауданы Жаңаталап ауылының маңындағы «Астана – Петропавл» автожолында автокөлік өртенді, деп жазады baq.kz.

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба бұған дейін әлеуметтік желілерде тараған болатын. Видеода көліктің толықтай отқа оранғаны көрінеді. Сондай-ақ желі қолданушылары қаза тапқандар болуы мүмкін екенін жазған.

Ақмола облысы Полиция департаменті оқиға болғанын растады.

Бұланды ауданы Жаңаталап ауылының маңындағы «Астана – Петропавл» автожолында болған автокөліктің өртену фактісі бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмыс істеуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Қаза тапқандар бар, олардың жеке басы да анықталып жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта қаза тапқандардың саны, автокөліктің өртену себептері және өзге де мән-жайлар анықталуда. Тексеру жалғасып жатыр.