Екі оқиға да 10 қарашада болған.
фото: Пресс-служба Министерства здравоохранения РК
ERNUR.KZ. Ақмола облысындағы Жібек жолы ауылында екі жылу қазандығы жарылды, деп жазады sputnik.kz.
Екі оқиға да 10 қарашада болған. Бірінші жарылыс жекеменшік үйдегі жылу қазандығында болған. 10 шаршы метр аумақта орналасқан қазандық жарылып, ғимарат құлаған. 51 жастағы ер адам зардап шекті. Дәрігерлерге қаралған соң ол амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді.
Екінші жарылыс Жібек Жолы кентінде "ҚазАрт"жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Бұл жарылыстан ешкім зардап шеккен жоқ.
"Қазандық жарылғанымен ауыл жылусыз қалған жоқ. Жылумен жабдықтау штаттық режимде жүріп жатыр", - дейді әкімдік.
Оқиға орнында Аршалы ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің жедел әрекет ету күштері жұмыс істеп жатыр.
Төтенше жағдайдың себебін анықтау бойынша жедел тергеу шаралары басталды.


