Астанада 13 жастағы жасөспірім көлік астына жүгіріп шыққан (Видео)

0
100

Желіде астаналық жасөспірімнің бағдаршамның қызыл түсіне қарамай, жүріп келе жатқан көліктің алдына жүгіріп шыққан видеосы қызу балқыланып жатыр.


Астанада 13 жастағы жасөспірім көлік астына жүгіріп шыққан (Видео)
Фото: Magnific.com

Желіде астаналық жасөспірімнің бағдаршамның қызыл түсіне қарамай, жүріп келе жатқан көліктің алдына жүгіріп шыққан видеосы қызу балқыланып жатыр. Бала аман қалды, алайда ауыр жарақат алған деп жазады stan.kz

Renault көлігінің жүргізушісі реттелетін жаяу жүргінші өткелінде бағдаршамның тыйым салынған түсіне қарамай жолға жүгіріп шыққан кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен.

Оқиға салдарынан 13 жастағы жасөспірім дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір тексеріс жүріп жатыр.

Жүргізушінің кінәлі-кінәсіз екені сот-автотехникалық сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады. Адвокат Жанна Уразбахованың айтуынша, сарапшылар көліктің жылдамдығын, тежелу жолын және жүргізушінің тоқтауға мүмкіндігі болған-болмағанын анықтайды.

Астана полициясы ата-аналарды балаларға жол ережесін күн сайын ескертіп, бақылауды күшейтуге шақырды. Ведомство жол бөлігі ойын ойнайтын орын емес екенін, ал жолды белгіленбеген жерден немесе қызыл жарықта кесіп өту қайғылы жағдайға әкелп соғуы мүмкін екенін ескертті.