Астанада 16 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан құлап кете жаздады

0
85

​Құтқарушылардың уақтылы әрі кәсіби іс-қимылдарының арқасында 2010 жылы туған жасөспірім құтқарылды.


Астанада 16 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан құлап кете жаздады

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қыздың өмірін сақтап қалды, деп жазады Zakon.kz.

Бүгін Астанада Б.Майлин көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде 9-қабаттағы терезе алдында қыздың отырғаны туралы хабарлама түсті.

"Оқиға орнына жедел жеткен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері пәтер есігін ашып, қызды қауіпсіз жерге шығарып, қайғылы жағдайдың алдын алды. Қосымша қауіпсіздік шарасы ретінде тұрғын үйдің алдына "өмір кубы" орнатылды", – делінген хабарламада.



Құтқарушылардың уақтылы әрі кәсіби іс-қимылдарының арқасында 2010 жылы туған жасөспірім құтқарылды.

Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері мән-жайды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.