Астанада әкімдік бөлген 303 білім грантына құжат қабылдау басталады

0
318

Талапкерлер грант конкурсына қатысу үшін құжаттарын 5-10 тамыз аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына тапсыра алады.


Астанада әкімдік бөлген 303 білім грантына құжат қабылдау басталады

Фото: kaznai.kz

ERNUR.KZ. Астана әкімдігі 2026-2030 жылдарға арналған 303 білім грантын жоғары оқу орындары мен білім беру бағдарламалары арасында бөлді, деп жазады inbusiness.kz.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, 2026 жылғы 25 мамырдағы №107-1777 қаулыға сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кадрларын даярлауға 303 білім гранты бөлінді.

Грант конкурсына қатысқысы келетін талапкерлер құжаттарын 2026 жылғы 5-10 тамыз аралығында тапсыра алады.

Ол үшін талапкерлер тиісті жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына өтініш беруі қажет.

Гранттар төмендегі жоғары оқу орындары мен білім беру бағдарламалары бойынша бөлінді:

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті:

  • Көлік қызметтері.

А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты:

  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу.

Astana International University:

  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
  • Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;
  • Физика пәні мұғалімдерін даярлау;
  • Математика пәні мұғалімдерін даярлау;
  • Информатика пәні мұғалімдерін даярлау;
  • Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін даярлау;
  • Көркем еңбек және сызу пәні мұғалімдерін даярлау;
  • Ақпараттық технологиялар.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті:

  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
  • Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;
  • Информатика пәні мұғалімдерін даярлау;
  • Математика пәні мұғалімдерін даярлау;
  • Физика пәні мұғалімдерін даярлау;
  • Ақпараттық технологиялар;

Арнайы педагогтерді даярлау:

  • дефектолог;
  • логопед;
  • тифлопедагог;
  • сурдопедагог.

Esil University:

  • Информатика пәні мұғалімдерін даярлау;
  • Математика пәні мұғалімдерін даярлау;
  • Ақпараттық технологиялар.