51 жастағы марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ екенін анықтады.
ERNUR.KZ. Елордада қоғамдық көлік аялдамасынан ер адамның денесі табылды, деп жазады ulysmedia.kz.
Бүгін сағат 8:20 шамасында «102» нөміріне елордада Бөгенбай батыр даңғылындағы «Көктем» сауда үйі аялдамасынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау келіп түскен.
Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері бұл фактіні растады. Сондай-ақ олар 51 жастағы марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ екенін анықтады.
Қазір осы факті негізінде қажетті сараптамалар тағайындалып отыр.